Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде бақилық болды
Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғанның бірі Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Іс судьяға берілді және кассациялық шағымды қарау 8 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өлтірілген.
Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сонымен қатар Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.