Сәтсіз селфи: Өскеменде қыз бала суретке түсемін деп көпірден құлап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқыс оқиға туралы полиция пікір білдірді

Фото: depositphotos.com

Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, Үлбі өзеніндегі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға 5 тамызда сағат 22:30 шамасында хабарланған.

"Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.