Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшағына зақым келтірді
Қазақстандық әуе компания рейстердің уақтылы орындалмауына Астана әуежайының қызметінде ұқыптылықтың жоқтығы себеп болып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"2024 жылдың 5 тамызында Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірді, соның салдарынан ұшақ бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Нақты айтқанда, әуежай қызметкерлері баспалдақтарды дұрыс қолданбауының кесірінен ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.
Әуе компаниясы ұшақты жөндеу құны айтарлықтай болатынын, дегенмен басты мәселе – оқиғаның әуе рейстерінің кестесіне, олардың орындалуына кері әсер ететінін жеткізді. Компаниялар тобы күтпеген келеңсіздікке өкініш білдіріп, жаз маусымы басталғалы бері Астана әуежайында ұқыптылықтың жоқтығы салдарынан түрлі операциялық қиындықтармен жиі кездесетін мәлімдеді.
Air Astana Астана халықаралық әуежайды рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.