Іс материалдары Жоғарғы сот судьясының қолына тиген
Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырамын деп абақтыға жабылған інісі Бақытжан Байжанов әлі күнге сот шешімімен келіспей отыр. Бұл жолы ол жазаны жеңілетуді сұрап Жоғарғы сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Іс материалдары Жоғарғы сот судьясының қолына тиіпті. Бірақ тыңдалым күні әзірше белгісіз.
Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.