Қызылорда облысында жедел жәрдем көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол мас күйде көлік басқарған

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мас күйде көлік басқарған. Самара-Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ол қолға түсті.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.