Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын
100 миллион теңгеге Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесемін деген астаналыққа қатысты істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.
"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Яғни, Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемдену. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады", - деді Бигайдаров Антикордағы брифингте.
Биыл 21 маусымда Антикор экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.