Әкімдік Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жолды жөндеу туралы мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Назым Қызайбай 6 тамызда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Видеодан скриншот / Сали Сабиров

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай тұратын көшедегі жолды жөндеуге қатысты пайда болған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жөндеуден өтіп жатыр деген бейнероликтердің таралуына байланысты әкімдік ақпартты жалған және шындыққа сәйкес келмейді", – делінген хабарламада.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Көшенің суреті де қосылып, онда жөндеу жұмыстары жүргізілмегені көрсетілген.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 6 тамызда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.