Зардап шеккендер бар: Астанада қатты бұршақ жауып, тұрғындар әбігерге түсті

Qaz365.kz редакциясы

Бұршақ жауып болғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне 2 адам хабарласқан

Фото: Facebook / Ерқанат Көпжасарұлы

Астанада 8 тамыз күні кешқұрым қатты бұршақ жауды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде астаналықтардың бұршақтың көлік пен үй терезелерін шағып, нысандарға зақым келтіргенін жарыса жаза бөлісті.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, бұршақ жауып болғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне 2 адам хабарласқан. Олардың бірі 52 жастағы әйел, екінші жағдайда 6 жасар баланың әке-шешесі қоңырау шалған. Департамент екеуінің жағдайы тексеріліп жатқанын хабарлайды.

Бұршақ әсіресе көліктерге көп зақым келтірген. Терезелерден бөлек, автокөліктердің сыртында зақымдалған іздер бар. БАҚ қаланың әр жерінде жауған бұршақты «бөдененің жұмыртқасындай» деп сипаттайды.