Желі қолданушылары әкімнің сөзін сынға алып жатыр
Желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу кезінде полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кадрлардан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкім артына бұрылып, полицейге бірнеше рет ескерту жасағанын көруге болады. Бірақ әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз.
«Дауысыңды көтермей сөйле. Қалай-қалай сөйлейсің? Бар, жақындама маған», – деді Сыздықбеков.
Қала басшысының бұл сөздерін желі қолданушылары тым дөрекі деп, сынға алып жатыр.