Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады

Qaz365.kz редакциясы

Ол Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған

Фото: kss.kz

Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған.

Ержан Тәтішев 2004 жылы басына тиген оқтан көз жұмды. Тергеу банкир аңшылық кезіндегі "оқыс жағдайдың" салдарынан өлді деген қорытындыға келген.

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге "Абайсызда өлімге әкеп соқтыру" бабы бойынша айып тағылды. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

2017 жылы іс қайта қаралды, Тоқмәди банкирді өлтіргенін мойындады. Іс материалына сәйкес, ол марқұмды Мұхтар Әбілязовтың қысымымен өлтірген.

2018 жылдың наурыз айында Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.