СҚО-да ұлы анасын туған күнінде ұрып өлтірген

Qaz365.kz редакциясы

Дереккөзге жазуынша, ұлы кейуананы үнемі ұрып-соғып отырған

Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің туған анасын өлтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qaz-media.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөз жазуынша, ұлы кейуананы үнемі ұрып-соққан екен. Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан. Адам шошырлық жайт 9 тамыз күні Тайынша ауданында тіркелген.

«Тайынша ауданында 82 жастағы әжені өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол 59 жастағы ер адам. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды СҚО-ның полиция департаменті.