Павлодар облысында кеншілер отырған автобус аударылды

Qaz365.kz редакциясы

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсетілді.

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 24 кенші отырған автобус көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, кеншілер Богатырь» компаниясында жұмыс істейді.

«ПАЗ» жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус жол жиегіне аударылды. Онда компанияның 24 жұмысшысы болған. Көлік апатынан қаза тапқандар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсетілді.