Қостанай облысында мұғалімдер алаяқтарға алданып, ақшаларынан айырылған

Qaz365.kz редакциясы

Мұндай алаяқтар соңғы кездері көбейе түскен

Фото: depositphotos.com

Арқалықта үш мұғалім несие алып, оны телефон арқылы хабарласқан алаяқтарға беріп жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қостанайлық полиция басқармасының басшысы Болат Имановтың сөзінше, алаяқтар өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, әр мұғалімнен 3,5 миллион теңге алған. Артынша алаяқтар ақшаны "қауіпсіз шотқа" салыпты-мыс.

Имановтың сөзінше, мұндай алаяқтар соңғы кездері көбейе түскен. Қостанайда тіркелген 40 пайыз жағдай алаяқтыққа байланысты болған. Полиция мұндай 667 деректі тіркеген, ал бұл былтырмен салыстырғанда 100-ге көп.