Шымкенттік белсенді әуекомпания жолаушыларды ескертпегенін еске салады
Әлеуметтік желіде шымкенттік белсенді Олжас Мамыр FlyArystan әуе компаниясының жауапсыздығына шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Екінші рет FlyArystan-ға жоламаспын. Грузиядан 01:50-де ұшатын, 17:30-ға бірақ көшірілді. Соншалықты 16 сағат кешіктіретін қандай кемшілік болу мүмкін екен. Түннің бір уақытысында әбіржіп әуежайға келіп, ең соңғы сәтке келгенде кешіріңіздер дей салды. Ал менде Астанада 17:00 Тәжікстанға билет бар еді. Жалпы бұл компания бір күнде 400 000 теңгеге бірақ түсірді. Ұятсыз екен. Егер шетелге шыққалы тұрсаңыздар немесе елге қайтатын болсаңыздар бұл компания таңдамаңыздар. Сосын ешқандай ауа-райы қолайсыздығы болмады. Грузиндердің өзі Қазақстан өмірі сондай деп күліп жүр», – дейді Олжас Мамыр.
Qaz365.kz тілшісі Олжас Мамырмен сөйлесіп мән-жайды білді. Әуекомпания жолаушыларды ескертпегенін еске салады. Әуекомпанияның телеграмм арнасында да рейстің кешігетіні жайлы мүлдем ақпарат жоқ. Соңғы жазба FlyArystan президентінің м.а. Ричард Леджер Жазира Мусинамен кездесуі жайында.
Жолаушы Олжас Мамыр сапардан қалмау үшін Кутаиси-Ташкент рейсіне билет алғанын айтады. Әрі қарай Тәжікстанға аттанбақ.
Айта кетейік, бұған дейін егіз қыз басқа балалармен бірге Орал қаласына ұшпақшы болған оралдық Жазира Мусина компанияны сотқа беретінін жеткізген. Өйткені FlyArystan ұшақтарды ауыстырғанда, 12 жастағы бір қызға орын жетпей қалған. Бұл оқиға резонанс тудырған соң, FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер өзі барып, кешірім сұраған еді.