Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертед
Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ, үш адам жарақат алған.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.