Air Astana әуекомпаниясының тағы бір ұшағы зақымдалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы компания өкілдері хабарлады

Фото: Air Astana

Air Astana мәліметінше, 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігіне тамақ таситын машина зақым келтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компания мәліметінше, бұл рейстің жолаушылары басқа рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.

«Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады», – делінген хабарламада.