Қарағанды облысында төрт автокөлік өртеніп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Өрт сөндірушілер 290 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының Саран қаласында автокөліктерге қызмет көрсету орталығы өртке оранды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт А.Макаренко көшесі бойындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығының шатырында пайда болған.

Өрт сөндірушілер 290 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірді.

Өрттің салдарынан 4 жеңіл автокөлік пен 2 мотоцикл өрттеніп кетті.