Спортшылардың жартысына жуығынан коронавирус анықталуына байланысты іс-шара кейінге шегерілген
Бүгін, 15 тамызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ Тоқаев қабылдамайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өйткені спортшылардың жартысына жуығынан коронавирус анықталуына байланысты іс-шара кейінге шегерілген. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
«Өздеріңізге белгілі, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы спортшылармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID-19 диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Берік Уәли.
Баспасөз хатшысының сөзінше, кездесу тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.