Полицейлер заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарды
Елордада полицейлер көлік моторын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Елорда полициясына үйдің кіреберісінде болған ұрлық тұралы арыз түсті. Көлік иесі Nissan Qashqai көлігінің моторын уақытша кіреберіс алдына қойып кеткен. Алайда қайтып келгенде, мотор орнында болмаған. Ұрлық шығыны – 400 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтады. Ол қала аумағынан металл жинайтын 30 жастағы ер адам болып шықты.
Полицейлер заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарды. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды бөгденің затын ұрлау ауыр құқықтық жазаға әкелетінін ескертеді.