Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды түрмеден шығатын болды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы мәлім етті

Фото: gov.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына шыққан үкім өзгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы соты мәлім етті. 

«Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады. Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен», – деп жазды сот.

Осылайша, Өскемен соты Сатыбалдынының жазасын жеңілдетіп, оның түрмедегі жазасын бас бостандығын шеттету жазасына ауыстырды.