Біреуінің артындаі 11 баласы қалыпты
Жамбыл облысы аумағындағы «Меркі - Шу – Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған. Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Алдын ала деректер бойынша, қаза болған екі полицейдің бірі 11 баланың әкесі екені айтылған.