Алматыда үш жасар бала жетінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Істің мән-жайы анықталады

Фото: depositphotos.com

Алматы қаласының Алатау ауданында үш жасар бала терезеден құлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқырмандардың мәліметінше, қайғылы оқиға Райымбек даңғылының бойындағы Ақкент шағын ауданында болған. Бала ата-анасынан бұрын оянып, олар ұйықтап жатқанда жетінші қабаттағы терезеден құлап, қайтыс болды.

Алматы полициясы дерек бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Істің мән-жайы анықталады.

Еске салайық, 9 тамызда Теміртауда төртінші қабаттың терезесінен 12 жастағы қыз құлаған болатын. Ол жарақатпен ауруханаға түсті. Астанада 11 тамызда алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады.