Үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен
Түркістан облысы ПД басшысының тергеу жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков Qaz365.kz порталына берген жауабында іс бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданында Асылымның денесі мамыр айында дәретханадан табылған еді.
«Тергеу іс-шаралары барысында бұл оқиғаға қатысты кәмелетке толмаған күдікті анықталды. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Асылжан Қалдарбеков.
Үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз ғайып болған. Құтқарушылар мен сүңгуірлер каналдар мен ауладағы септиктерді, құдықтарды тексерген. Іздестіру шарасына полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 19 мамырда Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді.