Үкім заңды күшіне енді
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қылмыстық істі 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады.
Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.
"Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.