Ол желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берді
Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыптарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Танымал спортшы мұның бәрі жала екенін айтты.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.