Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған деген ақпарат тараған еді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы қыздың ісіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмын. Облыс жетекшілерімен сөйлестім. Тағы тергеу жүріп жатыр, шыдамдылық таныту керек. Интернетке жарияланған кейбір жайттар шын емес. Сондықтан тергеудің аяқталғанын күтейік, содан кейін шешім қабылдаймыз. Қазір айту ертерек. Әрбір ақпараттың ар жағында бір-бір тағдыр тұр. Қандай да бір тексерілмеген жайттар негізінде асығыс шешім қабылдап, бір адамның тағдырына балта шабуымыз мүмкін», - деді Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған деген ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды.