Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған
Қыз зорлады деп айыпқа ілінгені жайлы ақпарат тараған соң боксшы Жанқош Тұраровтың басына қара бұлт үйірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өзі тағылған айыпты жоққа шығарды. Ал әйелі Инстаграм парақшасында болған оқиға жайлы бір ауыз жазба қалдырды.
«Қоңырау шалғанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «подруга-таныстың» бәрі түннен бері хабарласып, хал сұрасып кетті бүгін. Бәрі дұрыс уайымдамаңыздар! Ел алдында жүрген адамдар жайлы не айтылмай жатыр», - деп жазды Клара.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарламада.
Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыптарға жауап беріп, мұның бәрі жала екенін айтты.