Украин барлаушылары Брянск облысына шабуылдады

Qaz365.kz редакциясы

Украина әскері осы айдың басында Курск облысына кірген еді

Фото: ашық дереккөзден

Украина барлаушылары кірген Брянск облысының Климовский ауданындағы қақтығыс орнындағы жағдай тұрақталды деп сендірді аймақтық жедел штаб. Штабтың ақпаратын аймақ губернаторы Александр Богомаз айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“21 тамызда Брянск облысының Климов ауданында украин барлаушыларының Ресей Федерациясының аумағына кіру әрекетіне тосқауыл қойылды. Шайқас кезінде серпіліс әрекетін Ресейдің ФСБ ПУ күштерінің Брянск облысы бойынша және Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері тоқтатты. Қарсыласқа оқ атылды. Қазіргі уақытта соғыс орнындағы жағдай тұрақталып, аймақтық жедел штабтың бақылауына алынды”, - деп жазады Богомаз телеграмда.

Украина әскері осы айдың басында Курск облысына кірген еді. Оған жауап ретінде Ресей Украинаның ірі қалаларына тағы да зымыранмен атқылады. Қазір аталмыш облыстың жүзге жуық елдімекені украин күштерінің бақылауында. Украина осылайша, екіжақты келіссөзде өз позициясын күшейтті деп жазады сарапшылар. Ал Ресей Президенті Владимир Путин осы шабуылдан кейін Әзербайжанға барды. Саясаткерлер Путин сырттан қолдау іздеді деп жазды.