Тергеу жалғасып жатыр
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауытының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады», - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.