Мұрат Әбілдәні мерзімінен бұрын бостандыққа шығаратын болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр

Фото: turkistan.tv

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа мерзімінен бұрын шығатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Достар, сүйінші! Мұрат Әбділдә түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі», – деп жазды заңгер.

Айта кетейік, Мұрат Әбілдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған болатын.