Ұсталғандар көрші облыстың тұрғындары болып шықты
Ұлытаулық Полиция қызметкерлері "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметінің 23 тамыздағы ақпаратына сәйкес, тексеру барысында ұсталғандардан "Урал" маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды.
"Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.