Оқиға Қарағандыда болған еді
Жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот Нұрболат Дәкебаевты кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостындығынан айырды.
Сонымен қатар ол жәбірленушіге 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге тиіс.
Айта кетейік, 27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем қызметкері Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген болатын. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды.