Бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған
Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, екі жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ересектердің қарауынсыз қалған алдағы айда екі жасқа толатын қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.