Полицияға арыз жазуға Әнару Құрманәлі масаң күйде келген – Тұраровтың адвокаты

Qaz365.kz редакциясы

Жанқош Тұраровтың адвокаты пресс-конференцияда мәлімде жасады

Фото: Qaz365.kz

Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов бүгінгі пресс-конференцияда Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға бірнеше өтініш түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Арызданушы Әнару Құрманәліге байланысты интернет желісінде тарап жатқан бейнематериалдар бойынша полиция басқармасына тексеру жүргізу жөнінде өтініш білдірген едік. Арызданушы ададмардың үстінен оның зорланғаны туралы арыз жазып, ақша алғаны жөнінде деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сауалдар жіберілді. Бұл деректер нақты дәлелдерін тапқан жағдайда ресми органдарға бізге жауап беріледі», – дейді ол.

Фото: Qaz365.kz

Адвокаттың айтуынша, интернет желісінде таратылып жатқан бейнематериалдар мен бізге түсіп жатқан өзге де ақпараттар бойынша арызданушы Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровқа арыз беруге 2024 жылдың 19 тамызында түнде мөлшері сағат 22.00 шамасында Әуезов аудандық полиция басқармасына масаң түрде келген. 

«Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, жартылай жалаңаштанып өзін беймарал мінез-құлқын көрсеткен. Бұл бойынша полицияға сұраныс жіберілген. Осы ақпараттарды тексеріп, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан бейнені алып, іске тіркеп, тексеру жүргізуге, оған құқықтық баға беріп, жаза беру жөнінде біз тергеушіге өтініш жібердік. Әнару Құрманәлінің өз қылықтарына жауап бермейтін теріс қылықтары интернет желісінде тарап жүр. Бұл деректер бойынша тексеру жүргізу туралы тағы да өтініш берілген. Деректер расталса, арызданушыға іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Бізге психотроты заттарды қолданады деген ақпарат түсіп жатыр», – дейді Мамұтов.

Еске салайық, Әнару Құрманәлі бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты сұхбат берген еді. Ол боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Тұраровтан зорлық көргенін айтқан еді.