«12 млн қайтарады»: Жамбыл облысында әкімнің міндетін атқарушы сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаевты соттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған», – деп хабарлады Антикор.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаев 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.с