Астанада автобус әйел адамды қағып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.

Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Мұндай өткелдерде қозғалысты реттейтін бағдаршам жоқ, ал ережеге сәйкес жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруі керек.

"102-ге Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.