Қыздың денесін әкесі тапқан
Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Инстаграмдағы Nayzakokshe жазуынша, қыздың денесін әкесі тапқан, оқушы қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді.
«Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», – делінген Ақмола ПД хабарламасында.