Қайғылы оқиға: ШҚО-дағы «Востокцветмет» шахтасында 4 адам қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Алдын ала ақпарат бойынша олар белгісіз заттан уланған

фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша олар белгісіз заттан уланған. Тағы бір адам Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиға орнында  «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 техника), ТЖД  және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.