Полиция күдіктіні ұстады
Павлодарда футбол бапкері 10 жастағы қызды зорлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабардамасында.
Қазір тергеу барысы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.