160 млн теңгенің астығын жымқырған компания басшысы бас бостандығынан айырылды

Qaz365.kz редакциясы

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Фото: depositphotos.com

"Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің директоры 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астық қоймалары" ЖШС "№2 Нан базасы" және "№5 Нан базасы" өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды", - делінген Антикор хабарламасында.

Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және 118 млн теңгеден асатын 996 тонна астықтың бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.