Сібір жарасына күдік: Алматы облысы карантинге жабыла ма?

Qaz365.kz редакциясы

Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Ұйғыр ауданында, сібір жарасына күдікті жағдайлардың анықталуына байланысты, ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, карантин жарияланған жоқ.

«Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ», – делінген хабарламада.