Желіде ақпарат тарады
Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр, бұл хабарламаға Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - делінген хабарламада.