Атырау облысында бүлдіршін терең шұңқырға құлап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде болған

Видеокадр

Құтқарушы кішкентай баланы үш метрлік шұңқырдан шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, №5 ӨСБ жүгізуші қызметкері Нұрлыбек Саламатов терең шұңқырға құлаған екі жасар қызға көмекке келді. Оқиға Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде болған.

Оқиға орнына әріптестерімен бірге келген Нұрлыбек Саламатов жанқиярлықпен және батылдықпен әрекет етті. Оның аяғын басқа құтқарушылар ұстап тұрды. Ал ол кішкентайға жетіп, оны қауіпті аймақтан тез шығарып алды. Балаға медициналық көмек қажет болмады, – деп қосты ведомство.

ТЖМ ата-аналарға жауапкершілік туралы, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмау керектігі жайлы ескертеді.