«Бетінен атып өлтірді». Әскердегі жалғыз ұлынан айырылған әке үндеу жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол оқиғаны кездейсоқ өлімге жатқызу арқылы істі жабуға тырысуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді

Видеокадр

Маңғыстау облысында полигондағы жиын кезінде қаза тапқан мерзімді сарбаздың әкесі Қорғаныс министрінен істі мұқият тергеуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкесінің айтуынша, офицер мылтықпен ойнап отырған кезде ұлының бетіне күтпеген жерден оқ атып жіберген болуы мүмкін.

«Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда», - дейді әкесі.

Ол оқиғаны кездейсоқ өлімге жатқызу арқылы істі жабуға тырысуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Сондықтан Қорғаныс министрін шындықты жасыру әрекеттерін болдырмау үшін тергеуді жеке бақылауға алуын сұрады.


«Бұл жазатайым оқиға емес: тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін. Мен бәрін мұқият зерттегім келеді», - деді сарбаздың әкесі.


Еске салсақ, осыған дейін мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаз ауыр жарақаттан соң қайтыс болғаны хабарланған. 

Осыдан кейін Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), делінген хабарламада.
Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда.
Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды, делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.