Алматы облысында сібір жарасына шалдыққандардың қазіргі жағдайы қандай?

Qaz365.kz редакциясы

Науқастардың сараптамалары «ұлттық сараптама орталығына» жіберілді

Фото: sar-vet.ru

Ұйғыр аужаны Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасынан зардап шеккен екі адам Алматы ауруханасында емделіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі KazTag-қа сілтеме жасап.

«Алматыда И.С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 29 тамызда сібір жарасы күдігімен екі науқас түсті», –  делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Науқастардың сараптамалары «ұлттық сараптама орталығына» жіберіліп, сібір жарасы диагнозы расталды.

Қазіргі таңда олар сібір жарасын емдеу хаттамасына сәйкес емделіп жатыр. Бөлімше пациенттердің жағдайы орташа және тұрақты деп жауап берді. Дәрігерлер науқастардың денсаулығы жақсы екеінін атап өтті.