Бейнежазбадан ер адамның жерде бетін жауып жатқан қыздың шашынан тартып тұрғанын көруге болады
Ер азаматтың әйелді көшенің тап ортасында аямай ұрып-соққан видео редакциялардың біріне жіберілген. Бұл туралы tengri.astana инстаграм желісінде жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Автордың мәліметінше, аталмыш жағдай 6 қыркүйек күні таңертең Астанадағы "Светлый" ТК маңында болған. Бейнежазбадан ер адамның жерде бетін жауып жатқан қыздың шашынан тартып тұрғанын көруге болады. Содан кейін ер адам оны шашынан жұлқылап, арқасына итеріп жібереді. Қыз қарсыласып, кетуге тырысқанымен, бірақ ер адам оның қолынан жібермей ұстап алады.
Бұл жағдай бойынша Астана полиция департаментіне сұрау жіберілген. Ресми органдар бұл іс жөнінде әлі ақпарат таратқан жоқ.