Ақпаратты полиция департаменті растады
Астанада қаңырап бос тұрған ғимараттардың бірінен 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақпаратты полиция департаменті растады. Қыздың мәйіті кеше, 10 қыркүйек күні табылған.
«2024 жылдың 10 қыркүйегінде қыз баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Оның бойынан ұрып-соғудың белгілері табылған жоқ. Бірақ, оның өлімі неден болғаны анықталып жатыр. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаменті.