Сотқа дейінгі тергеу басталды
Астананың «Есіл» ауданындағы биік үйлердің бірінен жасөспірім бала секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Есіл» ауданының полиция басқармасы сегізінші қабаттан құлап қаза тапқан баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Tengrinews.kz жасөспірім сол жағалаудағы «Алал 2» тұрғын кешенінің 8 қабатынан секіргенін жазды.
Бұған дейін Оралда түнде 6-қабаттағы пәтердің терезесінен әйелдің секірмек болғаны хабарланған болатын.