Алматыда 12 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 12 қыркүйекте түскі уақытта болған

Фото: Istockphoto

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде жасөспірім қыз 13-ші қабаттан секіріп кеткен,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 12 қыркүйекте түскі уақытта болған.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себеп салдары анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.