Алматыда биіктен құлаған екі оқушы қыздың денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты полиция растады

Фото: polisia.kz

Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқушы қыздар қандай жағдайда және не үшін секіргені әзірге белгісіз.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.